Полиция бопсалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын заңға қайшы әрекет екенін ескертеді.
Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 миллион теңге бопсалаған блогер ұсталды
459
оқылды

Шымкентте полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер-журналисті ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электронды құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция бопсалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын заңға қайшы әрекет екенін ескертеді.