Марат Сұлтанғазиев Harry Dobbs Design Ltd және «Caspian Group» АҚ компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Кездесу барысында Алатау қаласын дамытуға бағытталған тұжырымдамалық шешімдер таныстырылып, жаңа қаланың сәулеттік және инфрақұрылымдық жоспарлау бағыттары талқыланды.
Ашық диалог форматында өзара ұсыныстар мен пікірлер алмасып, болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырдық.
Бұл – жаңа қаланың келбетін қалыптастыру жолындағы маңызды бастама, - деп жазған облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында