Алматыда белгілі ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған «Құстар қайтып барады» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараны Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Алматы қаласы филиалы ұйымдастырды.
«Құстар қайтып барады»: Алматыда Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған кеш өтті
68
оқылды

Халықтың жүрегінен орын алған ақын Тұманбай Молдағалиев ел сүйіп тыңдайтын көптеген әндердің авторы. Оның махаббат лирикасы мен композиторлар Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуовтермен бірге жазған «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Қайран менің жүрегім» секілді туындылары қазақ музыкасының інжу-маржандарына айналған. 

Музыкалық кеште ақынның сөзіне жазылған әндер жаңа аранжировкаларда және әртістердің коллаборациясы ұсынылды. Атап айтқанда, «Туған жер»,  «Құстар қайтып барады», «Өмір, қымбатсың маған», «Аяулым»,  «Жан досым», «Ағаларым», «Отан Ана», «Ару-ана», «Куә бол», «Шақырады көктем» және т.б. әндер орындалды. 

Іс-шараға Қазақстанның өнер жұлдыздары қатысты: Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Жеңіс Ысқақова, Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Дильназ Ахмадиева, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, Бибігүл Қилымхан, Райм Уайс, Мәди Рымбаев, Ербол Нариманұлы, Сая Махамбет, Гүлнар Көшенова, «Азия» және «Меломен» топтары бар.