Соңғы сөзінде Қасымбаев өз кінәсін мойындамай, іс қолдан жасалғанын айтты және істе қылмыс құрамы болмағандықтан, өзін ақтауды сұрады.
Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды
1,072
оқылды

Алматы облысының Талғар аудандық соты «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаевқа үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап 

Сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлап, қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін және қорқытып ақша бопсалағаны үшін кінәлі деп таныды. Барлық бап бойынша айып біріктіріліп, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қасымбаев жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзету мекемесінде өтейді.

Аталған іс бойынша Қасымбаевпен бірге тағы бес адам сотталды. Оларға да осы баптар бойынша әртүрлі мерзімде жаза тағайындалды:

Р. А. – 8 жыл,

С. А. – 8,5 жыл,

М. К. – 9,5 жыл,

Д. А. – 8 жыл,

Н. С. – 22 жыл.

Соңғы сөзінде Қасымбаев өз кінәсін мойындамай, іс қолдан жасалғанын айтты және істе қылмыс құрамы болмағандықтан, өзін ақтауды сұрады. Алайда сот оның уәждерін негізсіз деп тапты.