Оқушылар 10 күн демалады, ал сабақ 8 қаңтарда басталады.
Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста қанша күн демалатыны белгілі болды
4,894
оқылды

Қазақстандық оқушылар ұзақ демалысқа шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2025/2026 оқу жылына арналған кестеге сәйкес, қысқы каникул 2025 жылдың 29 желтоқсанында басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін созылады. Оқушылар 10 күн демалады, ал сабақ 8 қаңтарда басталады.

Педагогтер оқушыларға каникул кезінде ұйқыны қалыпқа келтіріп, көбірек демалуға және күн тәртібін сақтауға кеңес береді. Сонымен қатар, гаджеттерді аз пайдаланып, таза ауада көбірек серуендеуді ұсынады.