Бірақ кейбір өңірлердегі балалар мен ересектерге арналған инфекциялық стационарларда науқастар саны уақытша көбейіп кетуі мүмкін.
«Бұл – қалыпты құбылыс»: Денсаулық сақтау министрлігі жиі тұмауратудың себебін түсіндірді
338
оқылды

Маман адамдардың жиі науқастануын маусыммен байланыстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

– Өтпелі маусымда вирустық инфекция жиілейді. Қазақстанда тұмау жыл сайын қараша айынан басталып, сәуір айының ортасына дейін созылады. Қазір маусымдық А тұмауы тарап жатыр Дегенмен, биыл жедел респираторлық вирустық аурулар деңгейі өткен жылмен салыстырғанда артқан жоқ, – деді Әсел Қыдырәлиева Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында.

Бірақ кейбір өңірлердегі балалар мен ересектерге арналған инфекциялық стационарларда науқастар саны уақытша көбейіп кетуі мүмкін.

– Бір мезетте көп адамның медициналық көмекке жүгінуі – қалыпты құбылыс. Ірі қалаларда осындай көрініс байқалатыны рас. Биыл 1 миллион 279 мыңға жуық жедел респираторлық вирус жағдайы тіркелген, олардың жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі балалар. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 19%-ға төмен, – деді маман.