Оқиға Талғар ауданында болды
Алматы облысында алып жарылыстың алды алынды
861
оқылды

Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылында үш қабатты үйде газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелді.

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар өрт сөндіру штабын ұйымдастырып, газ-түтіннен қорғау қызметінің бірнеше тобы жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды ТЖМ 

Барлау кезінде екінші қабаттан екі адам қауіпсіз жерге шығарылып, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Сонымен бірге құтқарушылар 15 газ баллонын ғимараттан алып шығып, ықтимал жарылыстың жолын кесті.

Өрт толық сөндірілді. Тұрғындарды уақытша жылыту үшін арнайы вахтовка мен екі автобус қойылды.