Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау үшін халықаралық тәжірибеде қолданылатын кіріс пен қарыз арақатынасын көрсететін борыш коэффициенті енгізіледі.
2026 жылдан бастап қарыз алушыларға жаңа талаптар енгізіледі – Ұлттық банк
187
оқылды

2026 жылдың алғашқы жартысында қазақстандықтарға берілетін несиелерге қатысты жаңа талап күшіне енеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау үшін халықаралық тәжірибеде қолданылатын кіріс пен қарыз арақатынасын көрсететін борыш коэффициенті енгізіледі.

«Халықтың шамадан тыс кредит алуын шектеу үшін жаңа макропруденциалды құрал – кіріске қатысты борыш коэффициенті іске қосылады. Бұл құрал халықаралық практикада кеңінен қолданылады. Коэффициенттің нақты мәні есептеліп, келесі жылдың бірінші жартысында іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Сондай-ақ, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктерге қатысты жаңа салық тәртібі енгізіледі:

- Бөлшек несиелендіруден түсетін кіріс бойынша корпоративтік табыс салығы – 25%;

- Бизнесті несиелендіруден түсетін кіріс бойынша – 20%.

Одан бөлек, "қазір сатып ал да, кейін төле" (BNPL) қызметін реттейтін жаңа тетіктер де қабылданбақ.