Түркияда қар көшкінінен 38 адам көз жұмды
Түркияда қар көшкінінен 38 адам көз жұмды
Фото: Интернеттен алынды
318
оқылды
Түркияда қар көшіп, 38 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды «Хабар 24». Тағы 50-ден астамы жарақат алған. Ресми дерекке сүйенсек, бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кетті. Апаттан жапа шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз.
Табиғи апат Ван провинциясында болды. Мұнда жолда қар күрейтін машина жұмыс істеп жатқан. Артынан жолаушылар мінген автобус жүріп келе жатыпты. Кенеттен қар көшкіні жүріп, техниканы жартылай басып қалған.
Оқыс оқиға салдарынан автобус 40 метр биіктіктен құлап кеткен. Араға бірнеше сағат салып, іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатқанда тағы да қар көшкіні жүрген. Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары қайта жалғасты. Қанша адамның зардап шеккені тексеру жұмыстарынан соң белгілі болады.