Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жартылай финалда Ризабек Бахрейн атынан сынға түсетін Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновты айқын басымдықпен жеңді.
Финалға шығу үшін өткен белдесу 15:3 есебімен Айтмұханның пайдасына аяқталды.
Осылайша, қазақстандық спортшы 97 келі салмақта финалға өтті.