Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 25-26 қараша күндері Уильям Шекспирдің әйгілі «Romeo & Juliet» спектаклінің премьерасын ұсынады, - деп хабарлайды Аikyn.kz
Жаңа спектакльді сахналау үшін театрға ресейлік театр және кино режиссері Уланбек Баялиев шақырылды. Режиссер У.Баялиевтің спектакльдері көрерменге ерекше эмоция мен заманауи көркемдік шешімдерді ұсына отырып, классикалық пьесаларды жаңа қырынан ашатын ерекшелігімен танымал.
У.Шекспирдің «Romeo & Juliet» спектаклі көрермен назарына синема-эпос жанрында ұсынылады. Синема-эпос – көркемдік визуализация мен эпикалық театрлық шешімді біріктіретін ерекше жанр.
Қоюшы суретші - Қанат Мақсұтов. Кейіпкерлердің киім үлгілері JADO сән үйі мен театрдың коллаборациясы негізінде жасалды. Белгілі дизайнер Жадыра Сахиева мен театрдың жас суретшісі Ақбота Қапсалаңның бірлескен жұмысы спектакльге ерекше көркемдік мән береді.
Композитор - Олжас Дәлелхан. Хореограф - Салтанат Сұңғат. Сахна сайысын қойған - Бекзат Бағытжанов. Дыбыс режиссері - Ләззат Қыстықбаева, Ермахан Мұхтаров. Саунд-дизайн - Ұлан Ерланұлы. Жарық қою бойынша суретші - Арсений Макаров, Азамат Бекбембетов. Бейнеоператор - Жанар Төлеген, Әлім Махамбетов.
Ромеоны екі құрамда театрдың жас артистері Бибарыс Орман мен Ақжол Мамыр сомдайды. Джульетта - Ситора Анварова, Саида Сағынова.
Сонымен қатар, спектакльде танымал театр және кино артистері Ержан Нұрымбет, Алтынай Нөгербек, Қуандық Қыстықбай, Нұркен Өтеуіл, Сая Тоқманғалиева, Самат Байыров, Ботагөз Мақсұтова, Қобыланды Болат, Әнуар Бектас, Ұлан Қабыл, Марғұлан Наменов, Нұрия Бөкенбаева, Нұрхан Қосанов, Бекарыс Шалқар, Бейбарыс Сәрсен, Сағыныш Нұрхайдарова, Динара Егубаева, Ақмарал Танабаева, Айнұр Жетпісбаева, Бәзіл Сұлтанғазы және Әли Қалдар ерекше рөл атқарады. Спектакль Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Theatre Avenue бэндінің сүйемелдеуімен өтеді.