Ұйымның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, GGG барлық тексерістен сәтті өтіп, президенттікке жалғыз кандидат ретінде қалған.
Енді Геннадий Головкин World Boxing ұйымының ресми түрде президенті болмақ
ҚР ҰОК
275
оқылды

World Boxing халықаралық ұйымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ұйымның келесі президенті болатынын ресми түрде хабарлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұйымның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, GGG барлық тексерістен сәтті өтіп, президенттікке жалғыз кандидат ретінде қалған. Оны тәуелсіз тексеру комиссиясы растаған.

Бұл жаңалық қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қуаныш тудырып, Головкиннің спорттағы жаңа кезеңінің басталуы деп бағаланып жатыр.