Оқиға орнында жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды.
Алматыда екі қабатты қойма өртеніп жатыр
441
оқылды

ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласы Жетісу ауданындағы жеке тұрған екі қабатты қойма үй-жайында өртті сөндіру бойынша жоғары дәрежеде жұмыс жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға орнында жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізіліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері оқиға орнында. Жағдай бақылауда.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.