Тергеу деректеріне сәйкес, олар сайлаудан кейін арандатушылық пен жаппай қақтығыстар ұйымдастыруды көздеп, бұл әрекеттерге ұйымдасқан қылмыстық топтар мен спорттық қауымдастықтарды тартпақ болған.
Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды деген күдікпен 10 адам ұсталды
365
оқылды

Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсталғандардың қатарында саяси тұлғалар, бұрынғы депутаттар, экс-мемлекеттік қызметшілер мен күш құрылымдарының бұрынғы қызметкерлері бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тергеу деректеріне сәйкес, олар сайлаудан кейін арандатушылық пен жаппай қақтығыстар ұйымдастыруды көздеп, бұл әрекеттерге ұйымдасқан қылмыстық топтар мен спорттық қауымдастықтарды тартпақ болған.

Күдіктілердің елдегі әкімшілік ғимараттарды, телеарналар мен күштік құрылымдардың нысандарын, сондай-ақ қару-жарақты басып алуды жоспарлағаны да хабарланды.

Тінту кезінде жалпы сомасы 150 мың АҚШ доллары тәркіленді. ІІМ бұл қаражат пен қару-жараққа қатысты қолдаудың шетел азаматтары тарапынан көрсетілгенін атап өтті.

Айта кетейік, Қырғызстанда Жогорку Кеңешке (Парламент) мерзімінен бұрынғы сайлау 30 қарашаға белгіленген.