Астанада бір күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен мектеп оқушысының мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, 24 қараша күні жасөспірімнің анасы қызын іздеп құқық қорғау органдарына жүгінген. Ол қызының шамамен 18:30 кезінде үйден шығып кетіп, содан кейін байланысқа шықпай қойғанын айтқан.
Іздеу жұмыстарына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылып, қаланың әр аумағы мен өзен жағалауы мұқият тексерілді. Бірнеше сағатқа созылған іздестіру нәтижесінде оқушының денесі өзеннен табылған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша «өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.