Бүгінгі жиында ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы бас қосқан.
Мемлекет басшысы: «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші»
Akorda.kz
190
оқылды

Астанада өтіп жатқан ауыл әкімдерінің диалог-платформасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші екенін сөз етті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, бүгінгі жиында ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы бас қосқан.  

– Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз. Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше. 

Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек. Жаңа ғана бірнеше әкімнің сөзін тыңдадық. Айтылған ой-пікірлерді және ұсыныстарды мұқият зерделеп, жұмыс барысында міндетті түрде ескеру қажет», –  деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.