Бұған дейін журналист Сырым Итқұлов та өзінің Telegram арнасында көмек алған жолаушы 1,6 миллион жазылушысы бар журналист Гүлмира Әбіқай екенін айтқан еді.
Денсаулық сақтау министрі ұшақта кімге көмектескені белгілі болды
215
оқылды

Ол Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға алғысын жаудырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұған дейін журналист Сырым Итқұлов та өзінің Telegram  арнасында көмек алған жолаушы 1,6 миллион жазылушысы бар журналист Гүлмира Әбіқай екенін айтқан еді. Дәл сол күні журналист Оқу-ағару министрімен кездесуді жоспарлаған.

– Кей журналист айлап нақты мәселелер бойынша жауап ала алмай жүргенде, бір күннің ішінде екі министрмен жолығу – ерекше жағдай, – деп жазады Сырым Итқұлов. 

Ал журналистің сөзінше, ол орындықта отырған кезде өзін нашар сезінген. Сол сәтте министр А. Әлназарова дереу келіп, алғашқы көмегін көрсеткен. Гүлмира Әбіқай оқиғаның растығына дәлел ретінде өз билетін де көрсетті.