Қаңтарда қазақстандықтар қатарынан бірнеше күн демалыс алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Күнтізбеге сәйкес, бес күндік жұмыс аптасындағы жұмысшыларды 12 күн демалыс күтіп тұр, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар жеті күн демалады.
Бес күндік жұмыс аптасындағы жұмысшылар үшін:
30-31 желтоқсан – жұмыс күндері;
1-2 қаңтар – Жаңа жыл мерекелері;
3-4 қаңтар – демалыс күндері;
5-6 қаңтар – жұмыс күндері;
7 қаңтар – православиелік Рождество мерекесіне орай демалыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасындағы жұмысшылар үшін:
30-31 желтоқсан – жұмыс күндері;
1-2 қаңтар – мереке күндері;
3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні;
4 қаңтар (жексенбі) – демалыс күні;
5-6 қаңтар – жұмыс күндері;
Мектеп оқушыларының қысқы демалысы 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін созылады. Балалар мектепке 8 қаңтарда оралады.