Ол футбол тарихындағы ең көп нәтижелі пас берген ойыншы атанды
Лионель Месси жаңа әлемдік рекорд орнатты
338
оқылды

Лионель Месси футбол тарихындағы ең көп нәтижелі пас берген ойыншы атанып, жаңа әлемдік рекорд орнатты

MLS плей-оффының жартылай финалында «Нью-Йорк Сити» командасына қарсы матчта аргентиналық футболшы карьерасындағы 405-ші нәтижелі пасын орындап, венгр даңқты ойыншысы Ференц Пушкаштың көрсеткішін жаңартты.

Форт-Лодердейлде өткен матч «Интер Майамидың» 5:1 есебімен ірі жеңісімен аяқталды. Тадео Алленде хет-трик жасады, сондай-ақ Матео Сильветти мен Теласко Сеговия бір-бір голдан салды.

Осы жеңістен кейін «Интер Майами» өз конференциясында бірінші орынды алып, MLS плей-оффының финалына шықты. Финалда олар «Сан-Диегоны» 3:1 есебімен өткен «Ванкувер Уайткэпспен» кездеседі.

Қазіргі маусымда Месси барлық турнирлерде 40 матч өткізіп, 38 гол соқты және 22 нәтижелі пас берді.