Финалдық кезеңге дейін қазақстандық дзюдошылардың ешбірі жете алған жоқ.
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабидегі турнирді тек қана бір жүлдемен аяқтады
291
оқылды

Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Финалдық кезеңге дейін қазақстандық дзюдошылардың ешбірі жете алған жоқ.

30 қарашада Ермахан Әнуарбеков (90 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Марат Байқамұров (100 келіге дейін) және Еламан Ерғалиев (100 келіден жоғары) жарыстың бастапқы кезеңінде қарсыластарына жол берді.

Осылайша ұлттық құрама еншісінде бір ғана медаль бар. 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге ие болды.