Бұл Димаштың Африка құрлығындағы Мысыр пирамидаларының етегінде алғашқы өнер көрсетуі, сонымен қатар ТМД елдерінен шыққан әртістің алғаш рет сахнаға шығуы болды.
Димаш Құдайбергеннің Мысырдағы жеке концерті ерекше өтті
510
оқылды

30 қарашада The Pyramids Echo атты алғашқы фестиваль аясында Димаш Құдайберген өзінің жеке концертін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл Димаштың Африка құрлығындағы Мысыр пирамидаларының етегінде алғашқы өнер көрсетуі, сонымен қатар ТМД елдерінен шыққан әртістің алғаш рет сахнаға шығуы болды.

Кештің сиқырлы жарығында, мифтер мен көне құпияларға толы пирамидалар әрбір әнге өзіндік ерекше тарих сыйлады.

«Әр туынды жеке бір шағын спектакль секілді, Димаш әрқайсысында басты рөлді сомдады:  Fire мен Smoke композицияларындағы харизматикалық жігіт, «Любовь уставших лебедей» әніндегі шынайы сезімнің қадірін білетін ер адам, When I`ve Got You және SOS d’un terrien en détresse шығармаларында өмірдің ең қымбат нәрселерін бағалай алатын тұлға бейнесінде көрінді»,- деп жазды әншінің баспасөз қызметі.