Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады.
Әлеуметтік саясаттың маңызы артады
376
оқылды

Президентке еңбек және әлеу­­меттік қор­ғау саласындағы мем­лекеттік сая­сат­тың басты ба­ғыт­тарын жүзеге асыру ба­ры­сы жө­нінде баяндалды.

Светлана Жақыпова ең ал­ды­мен ха­лықты жұмыспен қамту ша­ралары т­у­ра­лы айтты. 

Бүгінде азаматтарды жұ­мыс­пен қам­­ту бойынша 2029 жыл­­ға дейін­гі жос­пардың 83 пайы­­зы орын­далған. Соңғы бес жыл­да 2,7 миллион адам еңбекке тар­­­­тылды. Сапалы жұмыс орын­да­рын көп­теп ашу үшін өңірлік жол картасы мен жыл сайынғы KPI іске асы­рылу­да.

Биылғы 10 айда атаулы әлеу­мет­тік кө­мек алушылардың саны 30 пайызға азай­ғаны жайында ақ­парат берді. Нәти­жесінде, ре­сурс­тарды, шын мәнінде, мұқ­таж жан­дарға қайта бөлу мүмкіндігі пай­­­да болды. Қазіргі кезде мұндай кө­мек тү­рін 285,1 мың адам алды. Бұл мақсатқа 27,1 миллиард теңге жұм­салады.

Өндірістік жарақат алу 6,5 пайыз­ға, ал кісі өліміне әкеліп со­­­­ғатын қайғылы оқи­ғалар 4,5 пайызға азайғанын мәлім­де­ді. Ұсы­нылған дерекке сәйкес, Әлеу­­­­мет­тік қызметтер порталы ар­қылы 522 мың­нан астам адамға қызмет көр­сетілген, 27 мың азамат инва­так­си көмегіне жү­гін­ген.

Биыл базалық зейнетақы мөл­шері ең тө­менгі күнкөріс дең­гейі­нің 70 пайызына дейін ұлғай­тыл­ғанын жеткізді. Жыл сайын ин­-ф­ля­ция деңгейіне сәйкес ин­дек­са­циялау жүргізіледі. 

Жұмыс беруші тарапынан тө­ленетін мін­детті зейнетақы жар­на­сының мөл­шер­лемесі кезең-ке­зеңімен өсіп, 2028 жыл­ға қарай 5 пайызға жетеді. Жұмыспен қам­­­тылған халықтың 65 пайызы жи­­нақ­таушы зейнетақы қорының салым­шы­лары саналады. 

Мемлекет басшысының Қа­зақ­стан хал­қына арнаған Жол­дауын­да айтылған тап­сырма­лары­ның орындалу барысы жө­нін­де де баяндады.

Министрлік мемлекеттік қыз­мет көр­се­­­туге арналған Бірыңғай цифрлық плат­фор­­ма құру бойын­ша белсенді жұмыс жүр­­­­гізіп жатыр. Бұл мұқтаж азаматтарға на­қ­­­­­ты көмек көрсетуге және қол­дау ша­ра­ла­­рының тиімділігін арт­тыруға ықпал ете­ді. 

Мемлекет басшысы жұмыс­пен қамту са­пасын жақсартуға, әлеуметтік қолдау те­­тіктерін одан әрі цифрландыруға, ең­бек қаты­настарындағы қауіп-қатерлердің ал­дын алу шараларын күшейтуге, зей­не­тақы жүйесін және көші-қон саясатын же­тілдіруге бағыт­тал­ған бірқатар тап­сыр­ма берді.