Полицияның мәліметінше, қаладағы пәтерлердің бірінен пышақ жарақаттары бар 41 жастағы әйелдің мәйіті табылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сондай-ақ түрлі жарақаттармен марқұмның 71 жастағы анасы ауруханаға жеткізілді.
Күдікті ретінде 11-сынып оқушысы оқиға орнында ұсталды. Ол өз кінәсін мойындаған. Балалардың құқығын қорғау басқармасының дерегінше, жасөспірім тұрмысы жақсы отбасынан шыққан, жақсы оқыған, бірақ тұйық болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.