Марапаттау кеші елордада, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында өткізілді. Іс-шараға танымал ақын-жазушылар, әдебиет зерттеушілері, жас қаламгерлер мен әдеби қауым өкілдері қатысты. Ақын Ұларбек Нұрғалым мен Наурызбек Сарша I орынды иеленсе, Елена Әбдіхалықова, Бауыржан Игілік пен Мирас Асан II орынды, Қабиден Қуанышбайұлы, Ахат Расул, Ғылымнұр Кәдірбай мен Әсел Оспан III орынды қанжығаға байлады.
Ал бас жүлдені «Абай» атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұңқар мен талантты ақын Мұрат Шаймаран иеленді. Сонымен қатар Думан Бәзілжан, Ерлан Аманқожа, Мағиза Құнапияқызы, Қуаныш Оспан, Қызырбек Дүргінбайұлы мен Азамат Әбілқайыр ынталандыру сыйлығын алды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен диплом табыс етілді.
А.ЖӘНІБЕКҚЫЗЫ