Бұл ақпаратты ТЖМ таратты
Атырау облысында төрт адам мінген көлік лайға батып қалды
ТЖМ
451
оқылды

Атырау облысында лайға батып қалған көліктегі төрт адам құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, «112» пультіне Атырау облысының Жылыой ауданында, Құлсары қаласынан 250 шақырым жерде жеңіл көліктің лайға батып қалғаны туралы хабар түсті. Көлікте төрт адам болған. Олардың екеуі байланысқа шығу үшін жаяу жолға шығуға мәжбүр болған.

Оқиға орнына құтқарушылар арнайы жол талғамайтын көліктен жетіп, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көлік табылып, ішіндегі жолаушылар қауіпсіз жерге жеткізілді. Жаяу кеткен екі адам да аман-есен эвакуацияланды, - деп жазады ТЖМ