11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.
Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 жолаушы қаза тапты
Фото: istockphoto
367
оқылды

Қайғылы оқиға 7 желтоқсан күні сағат 08.40 шамасында Самара–Шымкент тасжолында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлғайсын ауылы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан 5 жолаушы қаза тапты. 

– Жүргізуші Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған кезде Әйтеке би ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылды. Автобус салонында Пермь–Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апатынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді,  деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.