2025 жылғы 9 желтоқсан сағат 07:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақмола облысы:
«Астана–Шідерті–Павлодар–Үспенка–РФ шекарасы» автожолы, 36-200 шақырым, Софиевка-Павлодар облысының шекарасы учаскесі.
Қарағанды облысы:
«Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» автожолы, 231-324 шекарасы, Павлодар облысының шекарасы – а.Ботақара учаскесі.
«Қызылорда–Жезқазған–Қарағанды–Шідерті» автожолы, 1067-1135 шақырым, а.Молодёжный – Павлодар облысының шекарасы учаскесі.
Жолды 2025 жылғы 9 желтоқсан сағат 15:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.