Абай облысында тасжолда көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"ҚазАвтоЖол"-дың мәліметінше, 9 желтоқсан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен-Семей» автожолының 103-198 шақырымы аралығында (Шығыс Қазақстан облысы шекарасы-Семей қаласы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.