Түркістан облысында тойда бұрынғы келінін соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
48 жастағы Шайырбек Хакимжанов Қылмыстық кодекстің «бұзақылық» бабымен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оның бұрын сотталмағанын және кінәсін мойындауын ескерген. Сондай-ақ сот жәбірленуші Азода Тұрсынмурадованың пайдасына 800 мың теңге моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.
«Хакимжанов Шайырбек ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 жыл мерзімде бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Сотталған Хакимжановқа қатысты қолданылған үй қамақтың бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін өзгеріссіз қалдырылып, одан кейін оның күші жойылсын», – дедіТөлеби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстан.
Еске сала кетейік, қоғамда қызу талқыланған оқиға Зағамбар ауылында болған еді. Тойда ән айтып тұрған Азода Тұрсынмурадованы бұрынғы қайын атасы елдің алдында соққыға жыққан. Соққыдан миы шайқалған Азода бұған дейін де бұрынғы қайын атасынан және экс-күйеуінен зәбір көріп келгенін айтқан болатын.
«ҚР ҚК 293-баптың 1-ші тармағымен қалдырды. Материалдық, моральдық шығындарды ішінара өтеуді сұрады,1 жыл шектеу қойды. Қарсылығым жоқ, келісемін. Әділ шешім болды», – деді жәбірленуші Азода Тұрсынмурадова.