Түркістан облысы Кентау қаласында жаңа туған нәрестенің мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық ПД мәліметінше, қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде.
Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде.
– Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.