1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Ауа райы күрт бұзылып, үш облыста жол жабылды
Фото: istockphoto.com
129
оқылды

ҚазАвтоЖол үш облыстағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

9 желтоқсан сағат 22:00 ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады:

Жамбыл облысы:

- “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін); 

Түркістан облысы:

- “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-654 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін). 

Алматы облысы

Сағат 22:00-де “Күрті-Қонаев” автожолының 0-67 шақырым аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.