Куәгерлердің айтуынша, баланы автобус аялдамасы маңындағы жолдан өтіп бара жатқан кезде қоғамдық көлік қағып кеткен.
Атырауда автобус жүргізушісі баланы қағып кетті
96
оқылды

Қайғылы жағдай 8 желтоқсан күні таңертең Атырау қаласы маңындағы «Байтақ-2» шағынауданында болған.  Қоғамдық көлік жүргізушісі алты жастағы баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлікті 58 жастағы жүргізуші тізгіндеген.

«Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталды, қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – деп нақтылады Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Баян Жанұзақова, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.