Халқынан алыстамаған Елбасы
Халқынан алыстамаған Елбасы
198
оқылды
– Бізді осы күнге дейін өміріміздегі қиын-қыстау кезеңдерден, экономиканың құлдырауынан еліміз бен халқымызды аман алып шыққан бірден бір адам – Елбасы. Ол әрбір ел тұрғынының өмірін өз жауапкершілігіне алып, қиыншылықтарды мойнымен көтеріп, ел болу мақсатында батыл қадамдар жасады. Шыны керек, мұндай қадамға бару – кез келгеннің қолынан келмес. Әрине, "біткен іске сыншы көп" демекші, оның жасаған ісін жоққа шығарып, ештеңе бітірмей, сынап-мінеп отыратындар көп. Бірақ ол адамдар алдымен өзі үшін, халқы үшін не істей алды? Міне, осы сұраққа жауап бере ала ма? Ал Елбасы мұны сөзбен емес, ісімен көрсетті.  Осы 30 жылдың ішінде біз тәуелсіз әрі терезесі тең дәрежедегі мемлекет ретінде орнықтық. Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының арқасы. Ең бастысы ол ешқашан халқынан алыстамаған жан. Қашанда жауапкершіліктен қорықпай, қажетті кезде шешім қабылдай білген. Әр қадамын ойланып жасайтын басшы ретінде осы жолғы әрекеті тосыннан болды. Өз өкілеттігін тапсыру арқылы ел дамуының жаңа кезеңін ашты.  Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына қолдау білдіріп, өзін жауапкершіліктен босатпады. Бұған дәлел, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау үшін коронавируспен күрес қорына қомақты қаражат аударуы.