Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ауыл тұрғындарына ауа райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады. Ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізіледі.
Төтенше жағдайлар министрлігі халықтың назарын қысқы кезеңде әлі қатпаған мұзға шығу қаупі туралы ескертеді және су айдындарында болған кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады.
Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында 44 мыңнан астам адам және 14 мыңнан астам техника бар күштермен құралдар тобы дайындалды.
Ел өңірлерінде 1 681 жылыту пункті дайындалған. Сонымен қатар ТЖМ 40 трассалық медициналық-құтқару пункттері жылыту пункттері ретінде пайдаланылатын болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.