Елімізде температуралық фон өзгереді.
Республика бойынша қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болады
Фото: iStock
214
оқылды

Ауқымды циклон Қазақстан Республикасының аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сілтеме жасап.

Осыған байланысты қар жаууы мен бұрқасын жалғасады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда бұрқасын болады. Республика бойынша желдің екпінді соғуы сақталады: жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.

Температуралық фон да өзгереді: батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 аяздан 3-13 аязға дейін ауытқиды, күндіз 0-15 аяздан 3 аяз – 5 жылуға дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта температура 7-15 аяздан 12-28 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-15 аяздан 8-18 аязға дейін болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3-11 аяздан 5-20 аязға дейін төмендеп, күндіз 5 аяз – 2 жылудан 1-13 аязға дейін өзгеруі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.