Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленді.
Дәрігерлерді қорғау туралы заң қарапайым адамдар үшін де маңызды – Асхат Аймағамбетов
292
оқылды

Мәжіліс медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілерін зорлық-зомбылықтан қорғайтын заңды екінші оқылымда қабылдады. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов заңның негізгі нормаларын түсіндірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасы қызметтік міндеттерін орындау кезінде медицина қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушілерін күш көрсетуден және қатыгездік танытудан қорғаудың құқықтық негіздерін жетілдіруге бағытталған.

– Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленді. Соның шеңберінде депутаттар заң жобасын дайындап, жұмыс топтарында, комитет отырыстарында талқыладық. Екінші оқылымда қорқыту мен нақты зорлық-зомбылықты бөлек пунктерге ажыратып бердік. Бастапқы нұсқадағы қорқытуға қатысты жаза біршама жеңілдетілді. Ең жеңіл санкция – 500 айлық есептік көрсеткіштен 1000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, ал ең ауыр жаза – төтенше жағдай кезінде азаматтарға көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкеріне кедергі келтіргені үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.