Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі, актер Жахан Отарғалиевтің өзі туралы айтқан сөзіне пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұған дейін Жахан Отарғалиев сұхбаттарының бірінде Балжан Бидашқа “Қазақстанда теңдесі жоқ әнші екенін дәлелдеуі керегін” айтқан. Қазір әзілкештің осы сұхбаты әлеуметтік желіде қайта тарады.
Балжан Бидаш ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес екенін, ол сөзді мотивация ретінде қабылдауға болатынын жеткізді.
“Ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ дейді ғой. Бірақ оны мотивация ретінде қабылдаған да дұрыс. Сол арқылы өзіңді дамытасың. Алайда бұл беріліп, бар энергияңды сол адамдарға жұмсау керек деген сөз емес. Бұл стористі оқырмандарыма мотивация болсын деп салдым. Өзіңе сенімді болсаң, артқа қарамай, тек алға ұмтылып, өз жұмысыңды жасайсың. Сондай-ақ олар туралы әңгіме қозғауға да ниетің болмауы керек. Өз күшіңді өзіңе сақта!” – деді Балжан Бидаш.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
