Айтуынша, өнерлі жұп үнемі отбасына қолдау білдіреді.
«Бас демеушіміз»: Ерке Есмаханның ағасы күйеу баласының жомарт екенін айтты (видео)
292
оқылды

Әнші Ерке Есмаханның ағасы, теолог Бауыржан Есмахан қарындасы мен күйеу баласының көпшілікке жария етпеген қайырымды ісі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, өнерлі жұп үнемі отбасына қолдау білдіреді.

«Мен жұмыс істейтін мешіттің негізгі демеушілері RaiM мен Ерке. Алла разы болсын. Жұрт білмей-ақ қойсын дейді. Жалпы, солай айтып, жақсылық істейтін басқа да демеушілер бар.», – деді Бауыржан Есмахан.

Ерке Есмахан бұған қатысты жазба жариялады. Әншінің айтуынша, үйіне ағасы Бауыржан келіп, сұхбат бергенін айтқан.

«Түнгі уақытта келген қоңырау қорқытып жіберді. Күйеуім үйде жоқ еді. Есікті ашсам, ағам Бауыржан гүл ұстап тұр екен. Шай ішіп отырып, Айнұр Асанбердімен өткен подкастқа қатысқанын айтты. Сол жерде Райым екеуміз туралы сөз қозғағанын, ертең подкаст шыққанда ренжіп қалмасын деп алдын ала ескертуге келгенін жеткізді. Жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытатын ағама Алла разы болсын. Ойдан шығарылған өсекке ермей, ағамның парақшасына жазылып, ғибратты әңгімелерін тыңдаңыздар», – деп жазды Ерке Есмахан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айнур Асанберди (@ainur_asanberdi)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.