Nur Otan: Түркістанда «Біз біргеміз!» акциясы басталды
Nur Otan: Түркістанда «Біз біргеміз!» акциясы басталды
434
оқылды
Nur Otan партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Бүгін Түркістан облысында да акция басталып кетті.  Nur Otan  партиясы Түркістан облыстық филиалынан әлеуметтік көмек жөнелтілді. Jas Otan жастар қанатының жастары мен еріктілер алғашқы күннің өзінде 140-тан астам тұрғынға көмек көрсетті. Бұл туралы Nur Otan  партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Акцияны ұйымдастыру барысында Nur Otan  партиясы Түркістан облыстық филиалы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аса мұқтаж 1300-дей азаматтың тізімін жасақтады. Бұл тұрғындарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылып жатыр. Атап айтсақ, әр адамға ылғалды майлықтар, антисептик, медициналық бетперде, қағаз майлық, 5 келіден макарон, қарақұмық, күріш, қант және өсімдік майы таратылуда. Қара шай, тұз, күлше де себетке енгізілген. Түркістан Nur Otan Партияның «Бақытты отбасы» жобасы бойынша 889 адам, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы арқылы 206 адам ал, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша 161 адамға көмек көрсетіледі. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттарды таратуға еріктілер, Jas Otan жастар қанатының жастары белсенді түрде кірісті. Елбасы Н.Назарбаев Үндеуінде қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынды. Түркістан облысында Арыстағы төтенше жағдай орын алған кезде нәтижелі жұмыс істеген «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму таңдалып алынды. Аталған қорға облыс әкімдігі, басқармалар мен оған қарасты мекемелер бүгін бір күндік жалақыларын аударады. азық-түлік Бизнес өкілдерімен жиналыс жасап, аталған азаматтар тарапынан да қорға ақша аударылатын болды. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жанынан қамқоршылық кеңесі құрылды. Оның құрамына Nur Otan партиясының, «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасының және Ардагерлер кеңесінің өкілдері енгізілген. «Біз біргеміз!» акциясының орындалуы облыс әкімі, Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында болады. Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтың айтуынша, партияның облыстық, аудандық, қалалық филиалдарының қызметкерлері қауіпті індетке қарсы күрес үшін бір күндік жалақыларын аударған. Қауіпті індетпен күресу, алдын алу шараларына облыс әкімдігі мен партия және өңірдің кәсіпкерлері бірлесіп үлес қоспақ. Елдің мүддесі – басты орында.