Стамбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды
Стамбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
383
оқылды
Анадолы агентігінің хабарлауынша, Стамбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болды. Измир – Стамбұл бағытында ұшқан. Қонғаннан кейін лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті дереу сөндіріп үлгерді. Жолаушылар эвакуацияланды. Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен. Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Жахит Турханның айтуынша, ұшақ бортында 177 жолаушы (екі бала – ред.) және 6 экипаж мүшесі болған. Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, зардап шеккен 179 адамға медициналық көмек көрсетілді, оқиға кезінде үш адам қайтыс болды. Қазір ұшақ апатын тергеу басталды. Еске сала кетейік, Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир – Стамбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын.