Украинаның Қауіпсіздік қызметі ресми ақпарат таратты
Украина Қырымда Ресейдің екі Су-27 әскери ұшағын жойды
243
оқылды

Украинаның Қауіпсіздік қызметі Қырымдағы Бельбек аэродромында Ресейдің екі Су-27 әскери ұшағын (Су-27) жойды.

Қауіпсіздік қызметі мәліметінше, ұшақтарға «Альфа» арнайы операциялар орталығының алыс қашықтықтағы дрондары соққы жасаған. Ұшақтардың бірі толық оқ-дәрімен ұшу жолағында тұрған және толығымен жойылған. Екі ұшақтың жалпы құны шамамен 70 миллион доллар деп бағаланады.

Сондай-ақ аэродромдағы диспетчерлік мұнараның зақымдалғаны расталды, бұл ұшуларды басқаруды қиындатуы мүмкін.

Қауіпсіздік қызметі  бұл соңғы күндердегі Бельбек аэродромына жасалған екінші сәтті соққы екенін атап өтті. Бұған дейін бұл жерде Ресейдің әуе қорғаныс жүйелері мен бір МиГ-31 ұшағы жойылған.