Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.
"Тараптар коронавирус індетімен байланысты әлемдегі ахуалды талқылады. Олар қос елдің жаһандық эпидемиологиялық апатты еңсеру бойынша қолға алған шараларына өзара қолдау білдірді", - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.Сондай-ақ, тараптар қазақ-өзбек ынтымақтастығы мен өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін қозғады. Әңгіме соңында Назарбаев пен Мирзиеев бір-бірін ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтады. Телефон әңгімесіне өзбек тарапы бастамашы болған.