2025 жылдың 18 шілдесінде Мемлекет басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексіне жəне оған ілеспе заңға қол қойды. Корпоративтік табыс салығының (КТС) сараланған мөлшерлемелері енгізіледі. Жалпы, КТС-тің базалық мөлшерлемесі 20 % деңгейде сақталады, ол банк қызметі үшін, кəсіпкерлік субъектілеріне кредит беру (20%) жөніндегі қызметті қоспағанда 25 %, əлеуметтік сала үшін (білім беру, медицина) 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% деңгейінде, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% болмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық банктің ноталары бойынша кіріске 25% мөлшерінде, өзге мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша 20% мөлшерінде КТС салынатын болады. Қаржы министрлігі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кіріске 10% мөлшерінде КТС салынады. Экономиканың нақты секторын қолдау жəне инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту үшін «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі шығарған бағалы қағаздар бойынша кіріс салық салудан босатылады.
ҚҚС-тің базалық мөлшерлемесі 16% мөлшерінде белгіленді. Дəрі-дəрмектер мен медициналық қызметтерге ҚҚС-тің төмендетілген мөлшерлемелері енгізіледі: 2026 жылдан бастап 5% жəне 2027 жылдан бастап 10%. Отандық мерзімді баспа басылымдарын өткізу кезінде 10% төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесі көзделген.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті медициналық сақтандыру, орфандық жəне əлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу шеңберінде тауарлар мен қызметтер ҚҚС-тан босатылады. Бұдан басқа, отандық баспадан шыққан кітаптарды өткізу, баспа қағазы түріндегі кітап шығару қызметтері, археологиялық жұмыстар бойынша айналымдарды ҚҚС-тан босату көзделген.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында есепке жатқызылатын қосымша ҚҚС мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды, яғни олар үшін жүктеме қолданыстағыдан төмен болады.
ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 20 мың АЕК-тен (80 млн теңге) 10 мың АЕК-ке (40 млн теңге) дейін төмендетілді.
Жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесі енгізілуде. Егер жеке тұлғаның жылдық кірісі 8 500 АЕК-тен (33,4 млн теңге) асатын болса, ЖТС-ның 15%-дық жоғары мөлшерлемесі белгіленеді. Жоғарылатылған мөлшерлеме осы шектен асқан сомаға қолданылады.
Бұдан басқа, 230 мың АЕК-ке дейінгі дивидендтер түріндегі кіріс үшін ЖТС мөлшерлемесі 5%, ал осы шектен асатын сомаға 15% мөлшерінде белгіленеді. Жалпылама белгіленген салық салу тəртібін қолданатын жеке кəсіпкерлердің 230 мың АЕК-ке дейінгі кірісі үшін ЖТС мөлшерлемесі 10%-ды, ал осы шектен жоғары болса, одан асатын сомаға 15%-ды құрайды.
Кірісіне 70% мөлшерінде жеңілдікті қолданып, жалпылама белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін шаруа (фермер) қожалықтарының кірісіне ЖТС-тің төмендетілген мөлшерлемесі қолданылады. Сомасы 230 мың АЕК-ке дейінгі кіріс бойынша ЖТС мөлшерлемесі – 3%, ал осы шектен жоғары сомаға – 4,5% (70% жеңілдікті ескергенде).
Арнаулы салық режимдері жетеуден үшеуге дейін:
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
- оңайлатылған декларация негізінде;
- шаруа немесе фермер қожалықтары үшін болып оңтайландырылды.
Бұл ретте инвесторлар үшін қосымша ынталандыру шаралары ұсынылады:
- жабдықтар мен бағдарламалық қамтуды сатып алу, құрылыс, сондай-ақ оларды реконструкциялау мен жаңғырту шығындары бойынша 100% шегерімдер;
- барлау бойынша шығыстарға қолданыстағы келісімшарттар шеңберіндегі немесе олардан тыс шегерімдер;
- кен орындарының рентабельділігі төмен жаңа бөліктерін игеру үшін;
- 5 жылға дейін ПҚӨС нөлдік мөлшерлемесін енгізу;
- оның ішінде КТС-ті 100%-ға төмендетуді, мүлік салығы мен жер салығынан, сондай-ақ жабдық импортына ҚҚС-тан босатуды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеуге арналған салықтық преференциялар;
- сарқылып келе жатқан мұнай кен орындары үшін жер қойнауын пайдалануға балама салық ұсынылады;
- БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері ЖТС төлеуден босатылады.
Бұдан басқа, көлік салығы шығарылған жылына қарай пайдалану мерзімі:
- 10 жылдан 20 жылға дейінгі жеңіл автомобильдер бойынша 30%-ға;
- 20 жылдан асқан жеңіл автомобильдер бойынша 50%-ға төмендетілді.
Сондай-ақ əлеуметтік салық шегерімінің мөлшері І жəне ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 882 АЕК-тен 5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Салықтық əкімшілендірудің сервистік моделі енгізілуде. «Фискалдық» сүйемелдеуді енгізуге баса назар аударылады, яғни бизнес тіркелген сəттен бастап салық төлеушінің бүкіл қызметі барысында оған ақпараттық жəне басқа да қолдау көрсетіледі. Бұл ретте салықтардың, төлемдердің, алымдардың саны 20%-ға, салықтық есептілік нысандары 30%-ға қысқартылды. Камералдық бақылау тəсілдері түбегейлі өзгереді. Салықтық берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу тəсілдері де өзгереді. Берешек 1 500 АЕК-ке дейін болса, кейінге қалдыру/бөліп төлеу рəсімі жеңілдетіледі.
Жаңа Салық кодексін іске асыру үшін «2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Салық кодексін жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы №128-өкімі қабылданды, ол 244 НҚА қабылдауды көздейді (1 – Президенттің Жарлығы, 30 – Үкіметтің қаулысы, 209 – мемлекеттік органдардың бұйрығы, 1 – Ұлттық банк басқармасының қаулысы, 3 – Қаржы нарығын реттеу жəне дамыту агенттігі басқармасының қаулысы).
Бүгінде 244 НҚА-дан 230 НҚА қабылданды. Ашықтықты жəне енгізіліп жатқан өзгерістердің дұрыс қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында жаңа Салық кодексіне қол қойылған кезден бастап ауқымды түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Бейінді мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бизнес өкілдерімен жəне халықпен тұрақты түрде кездесулер, брифингтер жəне семинарлар өткізеді. Түсіндіру жұмыстарының негізгі түрі 20 өңірде ұйымдастырылған семинарлар болды, оларға шамамен 130 мыңға жуық бизнес өкілдері (жеке кəсіпкерлер, бухгалтерлер, заңды тұлғалар) қатысты. Семинарларды Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері өткізді.
Салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін арттыруға, қосылған құн салығына, жеке табыс салығының прогрессивтік шəкілін енгізуге қатысты жаңа ережелерді практикалық тұрғыдан түсіндіруге назар аударылды. Сондай-ақ жаңа мөлшерлемелерді есептеу тетіктері, арнаулы салық режимдерін қолдану, салық есептілігін толтыру тəртібі түсіндірілді. Семинарлар барысында шамамен 1 460 сұрақ қойылды (оның ішінде Алматы қ. – 293, Астана қ. – 125), оларға жедел түрде жауаптар берілді.
Мемлекеттік кірістер органдарының ресми əлеуметтік желі парақшаларында (Instagram, Telegram, Facebook, Aitu, TikTok) жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша сұхбаттар, тікелей эфирлер, викториналар, сұрақ-жауап айдары жүйелі түрде жарияланып отырады. Жалпы алғанда, МКК əлеуметтік шиеленіске жол бермеуге жəне ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізуде.