Өндіріс алаңы биыл ақпан айында іске қосылды.
Мемлекет басшысы Besqaru зауытымен танысты
www.akorda.kz
109
оқылды

Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап.

🟦

Қасым-Жомарт Тоқаев цехтардағы құрастыру жұмыстарын аралап көріп, қорғаныс өнеркәсібі кешеніне қарасты кәсіпорынның технологиялық процестерімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.🟦

Компания жылына 200 бронды техника құрастырады. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын, дөңгелекті Taimas8x8, Aibar 4x4 бронды машиналары, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар. esqaru компаниясы өз өнімін Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдарға арнап шығарады. Жалпы құны 13,5 миллиард теңге болатын жоба аясында 134 жұмыс орны ашылды. 🟦

Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегі өнімді болуына тілектестік білдірді.