Астанада көші-қонның күшеюі мен қаланың қарқынды дамуы инженерлік инфрақұрылымға түсетін жүктемені арттырып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Көші-қон қарқынының артуы, ірі қалалардағы құрылыстың тығыз салынуы инженерлік желілер мен шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарға айтарлықтай салмақ салады.
Бірнеше жыл бұрын елордада ауызсудың тапшылығы сезілді. Оның сапасына қатысты сын айтылды.
Осы мәселелерді шешу үшін жаңа су құбырлары тартылып, сорғы-сүзгі стансалары салынып жатыр. Олардың кейбірі пайдалануға берілді.
Елдің бас қаласын сумен тұрақты қамтамасыз ету – техникалық міндет қана емес. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Мұнда ұсақ-түйек нәрсе болмайды, барлығын алдын ала ойластырып, уақытылы жасау қажет.
Төртінші ауызсу стансасын межелі мерзімде салған жөн. Биыл Астана су қоймасын ауқымды тазартудың бірінші кезеңі аяқталды. Жұмыстың осы қарқынын жоғалтпау маңызды. Екінші кәріз-тазарту құрылысы мен қалаішілік тазарту жүйесін іске қосу керек», – дейді Мемлекет басшысы.