«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені елге есігін айқара ашты.
Ауылдағы ағайынға қуаныш сыйлады
126
оқылды

Спорт кешені заманауи та­лап­тарға сай салынып, 32 мың­нан астам тұрғыны бар ауыл хал­қына спорт­тың бірнеше түрі­мен айна­лысуы­на  мүмкіндік жа­сал­ған. Жаңа ны­санда футбол, во­­­лейбол, бас­кет­бол алаңдары мен  үстел теннисі қойылған. Сон­дай-ақ мұнда бұ­қа­ра­лық спорт түрлерімен айналысатын ме­ке­ме орналаcқан. Бұл өз кезегінде спортты дамытуға серпін бермек. 

Нысанның ашылу салтанатына Бай­зақ ауданының әкімі Олжас Бақ­қараев, «AMANAT» партияcы Бай­зақ аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева және спортты жа­нына серік еткен азаматтар қатыс­ты.

«AMANAT» партияcының Бай­зақ аудандық мәслихатындағы фра­к­­ция мүшесі, аудандық мәс­ли­хат­тың төрағасы Бақтияр Ақбаевтың ай­туын­ша, бұл денешынықтыру-сауық­тыру кешені ауылда бұқаралық спорт­ты дамытуға, азаматтардың ден­­саулығын жақсартып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мол мүм­­кіндік бермек. 

«AMANAT» партиясының сай­лауал­ды бағдарламасы аясында ау­дан орталығында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылып отыр. Бұл аудан халқының бұқаралық спорт­­пен айналысуына үлкен септі­гін тигізетін болады. Әсіресе, жас­тар­­дың спортпен шұғылдануына мол мүмкіндік беріп отыр. Ауданның бар­лық ауылында партияның cай­лауал­ды бағдарламасын орындау мақ­сатында стрит-аркаут және кіші фут­бол алаңдары ашылған. Соның нә­тижесінде Байзақ ауданында бұ­қаралық спортпен айналысу­шы­лар­дың саны 42 пайызға жетіп отыр. Әри­не, бұл белгіленген меже емес. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш  арта бе­ретін болады, – дейді Бақтияр Ақбаев.

Ал ауыл тұрғыны, еркін күрестен КСРО спорт шебері, ауданның құр­мет­ті азаматы Алмас Сағымбеков бұ­ған дейін ауылда спорт кешені бол­мағанын баса айтты. 

«Бұған дейін ауылда балалар мен жас­тардың спортпен тұрақты айна­лысуына мүмкіндік болмады.  Сон­дық­тан бірнеше рет облыс бас­шы­лы­ғына хат та жазып, өтінішімізді жет­кізген едік. Енді, міне «AMANAT» пар­тиясының сайлауалды бағдар­ла­масы аясында спорт кешені ашылып қуа­нып жатырмыз. Көк Туымызды жел­­біретер спортшылар көптеп шық­­сын десек, оларға жағдай жа­салуы керек. Бүгінгі нысан да соның ай­қын дәлелі деп білемін, – деді спорт ардагері.

Денешынықтыру-сауықтыру ке­ше­нінің құрылысы 2023 жылы бас­та­лып, барлық стандартқа сай салы­нып отыр. Құрылысты «Век Stroy-2010» ЖШС жүргізген. Бұл кешен ауыл жас­тары мен тұрғындардың бос уа­қы­тын тиімді өткізуге, сондай-ақ спорт­пен тұрақты айналысуға жол са­лып отыр.

Партияның пәрменімен сай­лауал­ды бағдарлама аясында бой кө­терген нысан көпшіліктің көзайы­мы­на айналатыны анық. Әрі мұндай ны­сандар алдағы уақытта да көптеп са­лынатынына бек сенімдіміз. 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы