Елордада білім беру саласындағы айтулы өзгеріс болды. Жұмысшы мамандықтар жылы қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің Техникалық колледжінде Ұлыбританияның беделді City & Guilds халықаралық аккредитациясы бойынша сертификаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Техникалық колледж – халықаралық стандарттар биігінде
85
оқылды

Бұл – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін айғақтайтын маңызды белес.

Салтанатты шараға колледж басшылығы, халықаралық сарапшылар, тәжірибелі оқы­ту­шы­лар, әлеуметтік серіктестер мен сту­дент­­­­тер қатысты. Рәсім барысында аккре­ди­та­ция нәтижелері жарияланып, халықаралық стан­дарттарға толық сәйкес деп танылған бі­лім беру бағдарламалары таныстырылды. Қатысушылар бұл жетістікті отандық білім бе­ру кеңістігіндегі зор серпіліс ретінде баға­ла­ды.

City & Guilds – жүзден астам елде мойын­дал­ған, кәсіби біліктілік пен дағдыны баға­лау­дың жаһандық эталоны саналатын ұйым. Ол 28 сала бойынша 500-ден астам маман­дық­ты қамтиды. Мұндай беделді аккреди­та­ция­дан өту колледждегі білім беру жүйесінің за­ман талабына сай екенін ғана емес, даяр­ла­нып жатқан мамандардың халықаралық ең­бек нарығында сұранысқа ие болатынын біл­діреді.

Жиында халықаралық сарапшылар кол­ледж­дің материалдық-техникалық базасына, оқу зертханалары мен өндірістік шебер­ха­на­ла­­рына, қауіпсіздік талаптарының сақ­талуы­на және білім беру процесіне енгізілген ин­но­вациялық технологияларға жан-жақты баға берді. Сонымен қатар оқытушылар құ­ра­­­­мы­ның кәсіби деңгейі мен студенттердің прак­тикалық даярлығы да басты назарда бол­ды.

Сараптама қорытындысы бойынша кол­ледж­дің заманауи инфрақұрылымға ие екені, сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмыс іс­тейтіні және студентке бағытталған оқыту ор­тасы қалыптасқаны атап өтілді. Халық­ара­лық стандарттармен салыстырылған оқу бағ­дарламаларының толық сәйкестігі ресми түрде расталды. City & Guilds сертификаты – студенттер үшін шекарасыз мүмкін­дік­терге жол ашатын құжат. Бұл сертификат түлек­­тер­дің кәсіби құзыреттілігін әлемнің кез келген елінде мойындатып, халықаралық компанияларда еңбек етуіне мүмкіндік бере­ді. Ең бастысы, ол жас мамандардың ең­­бек на­рығындағы бәсекеге қабілеттілігін айтар­лықтай арттырады.

Колледж басшылығы бұл жетістікті жаңа бас­тамалардың бастауы деп санайды. Алдағы уа­қытта халықаралық білім беру тәжіри­беле­рін енгізу, шетелдік оқу орындарымен және өн­діріс орындарымен әріптестікті кеңейту көзделген. Дуалды оқыту, жаңа бағдарламалар мен тәжірибе алмасу жобалары осы мақсатқа қызмет етпек. Бұл табыс – ұстаздардың жан­қиярлық еңбегінің нәтижесі. Халықаралық сарапшылар колледж оқытушыларының кәсіби шеберлігі мен жаңашылдығын ерекше атап өтті.

City & Guilds халықаралық аккредита­ция­сы – бір колледждің ғана жетістігі емес, бұл – Қазақстанның техникалық білім беру жүйе­сінің әлемдік кеңістікке нық қадам бас­қа­нының айқын көрінісі. Елордадағы бұл тәжі­рибе басқа оқу орындарына да үлгі бо­лары сөзсіз.

А.СҰЛТАН