Ғимарат ішін әсемдегенде өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау керек
Жаңа жыл кешін қандай ғимаратта өткізуге болмайтыны айтылды
www.istockphoto.com
159
оқылды

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев Жаңа жыл кешін қандай ғимаратта өткізуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оның айтуынша, жаңа жыл кеші өтетін ғимаратқа қойылатын арнайы талаптар бар.

– Адамдар жаппай жиналатын іс-шара ұйымдастырған кезінде кемінде 2 "эвакуация есігі" болу керек. Жаңа жылдық іс-шараны жанғыш жабыны бар ғимараттың екінші қабаттан жоғары бөлігінде өткізуге болмайды, – деді ол.

Ғабит Бабаев ғимарат ішін әсемдегенде өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау керек екенін айтты. 

– Әшекей шамдарды электрге дұрыс жалғау қажет. Ғимараттың электр жүйесінде төмендеткіш трансформатор болмаса, шыршаға тағылатын шамдар тізбегінің кернеуі 12 вольттен аспау керек, – деді мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары.