Қатты жел, жаңбыр, қар немесе ауа температурасының күрт төмендеуі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Мүмкіндігінше үйде болыңыз, аса қажет болмаса сыртқа шықпаған жөн.
Қатты жел кезінде ағаштардың, билбордтардың, электр желілерінің және басқа да тұрақсыз құрылымдардың маңында тұрмаңыз.
Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтауға және жолда барынша мұқият болуға кеңес беріледі.
Қатты жел кезінде далада от жақпаңыз. Кішкентай жалынның өзі тез таралып, өртке ұласуы мүмкін.
Төтенше жағдай орын алса, 112 нөміріне хабарласыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!, - делінген шұғыл хабарламада.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қолайсыз ауа райының салдарын болдырмауға көмектеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
