Мұнда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған активтердің есебінен ауданы 40 мың шаршы метр аурухана кешені салынды.
Риддердегі жаңа аурухана: 50 мыңнан астам тұрғын алғаш рет мамандандырылға көмекке қол жеткізе алады
105
оқылды

Риддердің 50 мыңнан астам тұрғыны алғаш рет заманауи медициналық технологияларға және мамандандырылған көмектің кең спектріне қол жеткізе алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мұнда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған активтердің есебінен ауданы 40 мың шаршы метр аурухана кешені салынды. 

Бұрын Риддердің ауруханалық инфрақұрылымы тозып, адамдар медициналық көмекке облыс орталығына және басқа қалаларға баруға мәжбүр болды. 

Қазір бұл заманауи көпбейінді медициналық кешен, оның ішінде 200 төсекке дейін кеңейтілген стационар, диагностика мен емдеуден бастап оңалтуға дейінгі қызметтердің толық спектрін алатын ересектер мен балаларға арналған бір ауысымда 500 адамды қабылдауға арналған емхана орналасқан.

Қала тұрғындары үшін инсульт орталығының, реанимация және қарқынды терапияның, перзентханалардың, төрт залға арналған операциялық блоктың, жедел жәрдем қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің болуы ерекше мәнге ие. 

Аурухана 128 бөлімді КТ, цифрлық рентген жүйелері, маммография, эндоскопиялық және лапароскопиялық жабдықтар, неонаталдық көмек және қарқынды терапия аппараттарын қоса алғанда, ең жаңа жабдықтармен жарақтандырылған. 

Жаңа медициналық кешенде 530-дан астам маман жұмыс істейтін болады. 

Бүгін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде жаңа медициналық нысанға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов келді. 

Риддер тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендер үшін жаңа аурухана жай ғана жаңа ғимарат емес, көптеген жылдар бойы күткен медицинаның сапалы жаңа деңгейі екені анық.